Біздің команданың негізгі құрамында: Софья Стоянова, Владлена Гавриш, Валерия Друзь, Арина Ишутина, Адэми Калиева, Дария Тулегенова, Амина Аужанова, Зайлин Ерсаин, Анастасия Зеленина, Сабина Крышкина және Александра Хан алаңға шықты.
Ойынның негізгі оқиғалары екінші таймда өрбіді. 48-минутта Анастасия Зеленина айып алаңына пас беріп, Сабина Крышкина алға ұмтылған қақпашыны озып өтіп, допты қақпаға тоғыстырды - 1:0. 56-минутта қарағандылық команда есепті еселеді. Ұқсас шабуыл нәтижесінде екінші голды Сабина Крышкина соқты, ал нәтижелі пасты бұл жолы Дарья Зубенко берді - 2:0. 63-минутта қонақтар есеп айырмасын қысқартты, алайда екі минуттан кейін Зайлин Ерсаин Дария Тулегенованың пасынан кейін екі доптық басымдықты қайта қалпына келтірді - 3:1. Матчтың нүктесін 76-минутта Дария Тулегенова қойды, ол командасының төртінші голын соқты. Қорытынды есеп - 4:1, «Шахтер»-2010 (W) командасының пайдасына.

Тобыл М
Шахтёр


