QJ League X туры аясында «Шахтер» U-18 футболшылары өз алаңында қостанайлық «Тобыл» U-18 командасымен кездесті. Матч «кеншілердің» 5:1 есебімен аяқталды. «Шахтер» U-18 құрамында гол соққандар: Глеб Макридов (32’), Василий Леонтьев (48’), Мирас Куат (61’), Илья Гезик (73’) және Никита Нефёдов (90+1’). Келесі ойынды «Шахтер» U-18 19 шілде күні «Ордабасы» U-18 командасымен сыртта өткізеді.