«Шахтёр» U-21 командасының негізгі құрамында Әлибек Маратов, Жәнібек Жайлаубек, Рустам Жанхаев, Тагир Сәкенов, Әли Ақылбаев, Мансур Дильмурат, Максим Холод (к), Расул Акимов, Сұлтан Шымырхан, Әлихан Исраилов және Глеб Макридов алаңға шықты.
Матч бойы Максим Самченко шәкірттері ойын барысын толық бақылауда ұстап, алаңда айқын басымдық танытты. Кездесудің 5-минутында Сұлтан Шымырхан есеп ашса, 22-минутта дубль жасады.
Екінші таймда «Шахтёр» шабуылшысы гол соғуын жалғастырды. 50-минутта Шымырхан үшінші голын соғып, хет-трик рәсімдеді. Ал 59-минутта Максим Холод есеп айырмасын арттырды.
Одан кейін Әлихан Исраилов 66 және 67-минуттарда қатарынан екі гол соқты. Ал 74-минутта Сұлтан Шымырхан матчтағы төртінші голын соғып, покер рәсімдеді.
Қорытынды есеп — «Шахтёр» U-21 пайдасына 7:0.

Елимай Ж
Шахтёр


