Михаил Габышев өз мансаптық жолында оң қаптал қорғаушысы позициясында ойнап, «кеншілер» құрамында Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының иегері болды.
Михаил Габышев «Шахтердің» аңызға айналған құрамының бір бөлігі болды. Сол жылдары қарағандылық клуб еурокубоктарда сәтті өнер көрсетіп, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде және Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.
Сонымен қатар Михаил Габышев Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да жарқын із қалдырды. Есте қалған матчтардың бірі — Ұлттар лигасында Беларусь құрамасына қарсы өткен кездесу. Сол ойында Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетіп, алғашқы голды дәл Михаил Габышев соққан болатын.

Шахтёр
Ақтобе Жас
Каспий М
