Футбол орталығы

30 July, 16:35

«ШАХТЕР» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНДА ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МЕН ОЙЫНШЫЛАР

Петропавлда 26-28 шілде аралығында «JUNIOR CUP» футболдан Халықаралық турнир өтті, онда «Шахтер»-2016 футбол орталығының командасы беделді жарыстың алтын медалін жеңіп алды!

Турнирге Қазақстан мен Ресей командалары қатысты. Үш күн ішінде чемпионат кубогы үшін 30 команда бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша «Шахтер»-2016 командасы А дивизионында өнер көрсеткен құрдастар арасындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Команданың жаттықтырушысы Жәнібек Махмудұлы Аллабергенов ерекше жүлдемен марапатталды, ол А дивизионында өнер көрсеткен командалар арасында “Үздік жаттықтырушы” атанды, сондай – ақ Савелий Бобряшов жарыстың “Үздік ойыншысы”, ал Кәрім Әбілов “Үздік шабуылшы” атанды!

Наверх