Клуб жаңалықтары

20 January, 11:43

МИХАИЛ ГАБЫШЕВ: «ШАХТЕРДІҢ“ ҚПЛ-НА ҚАЙТА ОРАЛУЫ ҮШІН БАР КҮШІМДІ САЛУҒА ДАЙЫНМЫН»

Өткен маусым басталар алдында Михаил Габышев ауыр жарақат алып, бір жылға жуық уақытты өткізіп алды. Ал биылғы маусымда тәжірибелі футболшы қайтадан сапқа қосылып, жалпы топпен жаттығып жүр және команда алдында тұрған ең жоғарғы мақсаттарды орындауға көмектесуге дайын. Біз Михаилмен сұхбаттасып, оның алаңға оралуы қалай өтіп жатқанын білдік.

— «Шахтерге» мен өткен жылы қайта оралдым, алайда сол кезде жағдай осылай қалыптасып, бір жылға жуық қатардан шығып қалдым да, командаға қойылған міндеттерді орындауға көмектесе алмадым. Қазір толықтай қалпыма келдім, жалпы топпен жаттығып жатырмын және командаға алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда бар күшімді салуға дайынмын.

— Маусымға дайындық өте қарқынды өтуде. Қазір бүкіл денем ауырып тұр — тура мағынасында бәрі ауырады. Бірақ бұл керемет. Демек, біз дұрыс әрі жақсы дайындалып жатырмыз. Бапкерлер не айтса, соның бәрін орындап, барынша тырысып, максимум деңгейде жұмыс істеп жүрміз.

— Командадағы жастар мені «Миша ағай» деп атайды. Жастарымыз өте мықты әрі болашағынан үміт күттіреді. Ең бастысы — бапкер олармен дұрыс жұмыс істей алады, ортақ тіл табады. Менің ойымша, бұл жігіттердің болашағы зор. Ең бастысы — еңбек ету, өздеріне сену және бапкерлік штаб қойған барлық тапсырмаларды орындау. Жігіттер алғыр, зерек, ал біз, тәжірибелі ойыншылар, қолдан келгенше ақыл-кеңесімізді айтып отырамыз.

— Мақсат біреу — ҚПЛ-на қайта оралып, бірінші орынды иелену. Мұны бәрі жақсы түсінеді. Клубта үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр: инфрақұрылым дамып келеді, база мен стадион салынуда. Барлық жігіттер толықтай берілуге және барынша жұмыс істеуге дайын.

— Жанкүйерлерге зор денсаулық пен алдағы жылда бақыт тілеймін. Бізге сеніңіздер, ал біз өзімізден талап етілгеннің бәрін орындаймыз. Сіздермен бірге көптен күткен мақсатқа жетіп, ҚПЛ-на қайта оралып, жеңістерімізбен қуантамыз.

Наверх