«Шахтер» U-21 командасының негізгі құрамында алаңға Азамат Жомартов, Максим Холод (к), Даниял Таханов, Рустам Жанхаев, Тагир Сакенов, Кирилл Сатжанов, Руслан Белобородый, Али Акылбаев, Султан Шымырхан, Мансур Дильмурат және Максим Комиков шықты.
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап «кеншілер» шабуылға белсенді кірісіп, 7-минутта команда капитаны Максим Холод есеп ашты. Ойын тартысты өтіп, ереже бұзушылықтар көп болды: бірінші таймда алаң иелері бес сары қағаз алса, қонақтар төрт ескерту алды.
Бірінші таймның соңына қарай алаң иелері пенальтиден есепті теңестірді. Екінші таймда елордалық команда алға шығып, басымдықты сақтап қалды.
Матч қорытындысы — «Шахтер» U-21 командасының 1:2 есебімен жеңілісі.

Каспий М
Шахтёр
