«Шахтер» U-21 командасының негізгі құрамында Никита Килджиев, Жәнібек Жайлаубек, Әли Ақылбаев, Тагир Сәкенов, Мансұр Ділмурат, Максим Холод (к), Расул Акимов, Алан Азамат, Сұлтан Шымырхан, Алихан Исраилов және Максим Комиков алаңға шықты.

Максим Самченко шәкірттері қатарынан төртінші матчта жеңіске жетті. Осы төрт кездесудегі жалпы есеп - 18:0!

«Оқжетпес» Ж командасымен өткен кездесуде «Шахтердің» сапынан голдарды: Алихан Исраилов (34’, 39’), Максим Холод (54’), Данил Литвиненко (61’), Глеб Макридов (79’).

Сондай-ақ «кеншілер» сапында 17 жастағы қорғаушы Жәнібек Жайлаубектің сәтті дебютін атап өткен жөн. Жәнібек екінші голға тікелей атсалысып, Алихан Исраиловқа нәтижелі пас берді. Алихан Исраилов дубль жасап, кездесудің басты кейіпкерлерінің біріне айналды.

«Шахтердің» жастар командасы Екінші лигада көш бастауын жалғастыруда!

Ақтобе Жас
Шахтёр
Каспий М


