QJ Лигасының IX туры аясында «Шахтер» U-16 футболшылары өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» U-16 командасымен кездесті. Матч 3:3 есебімен аяқталды. «Шахтер» U-16 құрамында Ярослав Туницкий (9'), Мәди Құдайберген (11') және Владислав Солошенко (80'+4') ерекшеленді. Келесі ойынды «Шахтер» U-16 12 шілдеде өз алаңында «Тобыл» U-16 (Қостанай) командасымен өткізеді.