16 жастағы Никита Килджиев «Шахтер» футбол клубымен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзарты.
Жас қақпашы Қазақстанның U-17 жастар құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүр.
Өткен маусымда Никита «Шахтер» клубының негізгі құрамында дебют жасаған болатын. Бірінші лиганың 22-тур ойыны аясында ол «Жетісайға» қарсы матчты алғашқы минуттан бастап, кәсіби мансабын «құрғақ» ойынмен бастады.
Біз өз жастарымызға сенім артамыз!

Шахтёр
Түркістан
