Қосалқы құрамының жаңалықтары

4 December, 22:34

НУРХАН КАГАЗБАЕВ: ШЫМКЕНТТЕГІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

«Шахтёр» командасының жасөспірімдер құрамы Шымкент қаласында өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Команда жаңа маусымға дайындықты бастап, QJ League-2025 чемпионатына қатысқан 2008 жылғы жас футболшыларды деңгейін бақылады. Назарларыңызға «Шахтёр» жасөспірімдер командасының ойыншысы Нурхан Кагазбаевпен жүргізілген сұхбатты ұсынамыз.

– Нурхан, QJ League-де жартылай қорғаушы ретінде жарқын ойын көрсетіп, қарсылас қақпасына 5 гол соқтыңыз. Жалпы маусым қандай болды?

– Керемет маусым болды! Чемпионат қорытындысы бойынша қола медаль иелендік! Турнир өте қызықты әрі тартысты өтті, сондықтан жүлделі орындардың тағдыры тек соңғы турда шешілді. Біздің команда барынша медальға лайық еді, өйткені чемпионаттың алғашқы матчынaн бастап әр ойында бар күшімізді салдық.

 

– Соңғы турдағы шешуші матч алдында «Ордабасы» командасына қарсы капитан ретінде команданы жеңіске жігерлендіре білдіңіз.

– Матчтың маңызын бәріміз жақсы түсіндік, сондықтан нәтижеге тек менің сөздерім ғана емес, жалпы командалық рух әсер етті. Бізге сенім білдіріп, маусым бойы дайындаған бапкерлеріміздің еңбегі зор. Олар – Павел Степанович Заяц пен Руслан Маратович Иманкулов. Команданы қолдап, бізге сенім білдірген барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын.

 

– Нурхан, алда жаңа кезең басталды. Ол – кәсіби ойыншы ретінде қалыптасу жолы. Қазір жасөспірімдер командасының қарауындасыз, Шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны қалай өтті?

– Иә, жасөспірімдер командасында болу – мен үшін үлкен құрмет, әрі зор жауапкершілік. Командада тұрақтап қалу үшін бар күшімді саламын. Жиын жоспарға сай өтті. Негізгі басымдықты доппен жұмысқа, ойынға бағытталған жаттығуларға және тактикалық элементтерге баса назар аударылды. Сонымен қатар командамен және бапкерлік штабпен танысу мүмкіндігі болды. Бағдарлама өте мазмұнды әрі жақсы құрылған.

 

– Бұрынғы командалармен салыстырғанда қандай айырмашылықтар байқадыңыз?

– Айырмашылықтар бар екені анық. Бұл жерде команда деңгейі мен жасы басқа, сондықтан кәсібилік жоғары, жаттығу қарқыны да өзгеше. Дайындық барысында жоғары талап қойылады, атмосферасы да ерекше, бәрі нақты және ұйымдасқан.

 

– Командадағы ахуалды қалай бағалайсыз?

– Команда ішіндегі ахуал өте қолайлы. Ойыншылардың ынталары жақсы, бір-бірін қолдап отырады, ал футболшылар мен бапкерлер арасында өзара құрмет сақталған. Коммуникация жоғары деңгейде ұйымдастырылған, бұл жаттығу процесінің сапасын арттырады. Осы бағытта Андрей Юрьевич Финонченко басшылық ететін бапкерлік штаб үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.

 

– Жиыннан алған жеке әсерлеріңіз қандай?

– Жиын өте өнімді және мазмұнды өтті. Әр күн тактикалық дайындықтан бастап түрлі ойын жаттығуларына дейінгі қарқынды жұмыстарға толы болды. Алған тәжірибем команда талаптарына тез бейімделіп, алға жылжуыма көмектеседі деп сенемін.

 

– Алдағы уақытта ойыныңыздың қандай тұстарын жақсартуды жоспарлап отырсыз?

– Шешім қабылдау жылдамдығын, ойын тәртібін және тактикалық түсінікті арттыруға көңіл бөлмекпін. Бапкерлік штаб құнды кеңестер береді, ал менің міндетім — оны өз ойынымда сапалы түрде жүзеге асыру.

 

– Алдағы маусымға қойған мақсатыңыз қандай?

– Басты мақсат – негізгі құрамда тұрақтап, тұрақты әрі сапалы ойын көрсету, клубқа барынша пайда әкелу. Үнемі даму үстінде болып, команданың барлық талаптарын орындауға тырысамын.

 

– Сұхбатқа уақыт бөлгеніңізге рақмет! Іске сәт тілейміз!

Наверх