Клуб жаңалықтары

7 June, 17:45

ФИНАЛҒА БІР ҚАДАМ ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫҚ

Алматы қаласында өткен Freedom QJ League Cyber Cup 2026 турнирі өз мәресіне жетті. «Шахтер» командасы жарыста лайықты өнер көрсетіп, финалға шығуға бір қадам қалғанда тоқтады.

Биыл дәстүрлі кибертурнир алғаш рет жаңа дисциплина — Counter-Strike 2 ойыны бойынша ұйымдастырылды. Турнирге мықты командалар қатысып, жанкүйерлерге тартысты әрі қызықты кездесулер сыйлады.

Біздің ойыншылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті және жүлделі орындарға таласа алатын ұжым екенін дәлелдеді.

Турнир барысында қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз командаға жаңа жетістіктерге ұмтылуға күш береді!

Наверх