Жаңалықтары академия

17 July, 20:27

«ШАХТЕР»-2010 (W) ҚЫЗДАР КОМАНДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІЛІСІ

QJ League турнирінің бесінші турында «Шахтер»-2010 (W) қыздар командасы сырт алаңда «Ақтөбе»-2010 (W) командасына 2:4 есебімен есе жіберді.

Біздің команданың негізгі құрамында алаңға мына ойыншылар шықты: Айым Диханбай, Арина Ишутина, Дарья Пряхина, Адэми Калиева, Дария Төлегенова, Мария Мамонтова, Саида Дүйсембаева (капитан), Анастасия Зеленина, Дарья Зубенко, Дарина Исатаева және Рената Юсупова.

Кездесу алаң иелерінің 4:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтың 26-минутында «Ақтөбе»-2010 (W) командасының ойыншысы өз қақпасына автогол соқты. Ал 55-минутта Мария Мамонтова мергендігімен көзге түсті.

Бұл Сергей Поленов жаттықтыратын команданың биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі болды.

 

Наверх