Оның прогресі бапкерлер штабының, Академия мамандарының және футболшының өзінің жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Жас ойыншыларды даярлаудағы маңызды рөлді Академияға жаңа басшылық келгеннен кейін енгізіліп жатқан жаңа тәсілдер атқаруда. Солардың негізгі бағыттарының бірі – ойыншылардың әлеуетін жан-жақты талдау мен профайлинг нәтижелеріне негізделген жеке даму бағдарламаларын әзірлеу.

ФК «Шахтер» Академиясының директоры Сергей Якушиннің айтуынша, Жәнібек үшін оның мықты қырлары мен дамытуды қажет ететін тұстарын ескере отырып, жеке даму жоспары дайындалған: «Жәнібек үшін жүргізілген профайлинг нәтижесінде оның күшті жақтары мен өсу нүктелерін ескеретін жеке даму жоспары әзірленді. Қазіргі уақытта біз оны іске асыруға кірістік. Алғашқы кезеңдердің бірі ретінде ойыншының алаңдағы тиімділігін арттыруға және ойындық қасиеттерін одан әрі жетілдіруге бағытталған жеке жаттығулар ұйымдастырылды», – деді Сергей Якушин.

Жеке даму бағдарламалары, көрсеткіштерді тұрақты бақылау және әрбір ойыншымен мақсатты жұмыс жүргізу – Академияның негізгі команда мен ұлттық құрамалар үшін бәсекеге қабілетті футболшылар даярлауға бағытталған жаңа стратегиясының маңызды бөлігі.

Хан-Тәңірі
Шахтёр

