QJ League үшінші туры аясында «Шахтер» U-18 футболшылары өз алаңында «Ақтөбе» U-18 командасымен кездесті. Матч «кеншілердің» 3:2 есебімен аяқталды. «Шахтер» U-18 құрамында Глеб Макридов (5'), Мирас Куат (11') және Найман Сатенов (15') ерекшеленді. Келесі «Шахтер» U-18 матчын 10 мамырда «Тараз» U-18 командасымен сыртта өткізеді.