«Шахтер» алаңға мына құрамда шықты: Игорь Шацкий, Александр Мигунов, Қасымжан Таипов, Нұралы Азатқазы, Данила Васильченко, Руслан Белобородый, Лев Скворцов, Андрей Ульшин, Ален Айманов, Максим Галкин, Артём Литош.
Есеп 14-минутта ашылды. Артём Литош оң қапталмен алға ұмтылып, айып алаңына нәтижелі пас шығарды. Оның пасын Максим Галкин дәл соққымен голға айналдырды.

Екінші таймның басында алаң иелері 47-минутта есепті теңестірді.
Ал матчтың тағдырын 90-минутта Артём Литош шешті. Кездесудің үздік ойыншыларының бірі атанған шабуылшы жеңіс голын соғып, «Шахтерге» 2:1 есебімен маңызды жеңіс сыйлады.


Академия Онтустик
Шахтёр
Тараз

