Клуб жаңалықтары

15 March, 17:59

ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧТАҒЫ «ШАХТЕРДІҢ» ЖЕҢІСІ

Жаңа маусымға дайындықтың қорытынды кезеңінде «Шахтер» Астанада «Астана» Ж командасымен жолдастық кездесу өткізді.

«Кеншілердің» бастапқы құрамында алаңға Шацкий, Богачев, Мигунов, Зайнетдинов, Ахмедов, Асылбаев, Оспанов, Айманов, Пак, Нұрмұғамет және Литош шықты.

Кездесу «Шахтердің» жеңісімен 2:1 есебімен аяқталды. Голдардың авторлары — Нұрмұғамет пен ойын барысында алаңға шыққан Зубайдильда.

Бұл матч бапкерлер штабына ойыншылардың дайындығын бағалап, жаңа маусым алдында тиімді ойын байланыстарын тексеруге мүмкіндік берді.

 

Наверх