Матчтың алғашқы минуттарынан алаңға Нұрасыл Тортаев, Нұрым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Диниал Қанашжанов, Максим Бонет, Әділет Бораналы (к), Темірлан Байболатов, Әлихан Кәрім және Тимур Дамирұлы шықты.
Павел Заяцтың шәкірттері кездесудің алғашқы минуттарынан бастап сенімді ойын көрсетіп, шабуылда белсенді әрекет етті. 20-минутта «Шахтёр» есеп ашты: Максим Бонет айып алаңы сызығынан соққы жасап, допты қақпашының оң жақ бұрышына дәл бағыттады — 1:0.
Бірінші тайм аяқталар тұста «кеншілер» басымдықтарын еселей түсті. Әлихан Кәрім қапталмен жылдам өтіп, қарсылас айып алаңына еніп, допты алыс бұрышқа дәл бағыттап, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда алаң иелері ойын тізгінін өз қолында ұстады. Матч соңында қонақтар бір гол соққанымен, «Шахтёр» U-16 жеңісті сенімді түрде сақтап қалды.
Осылайша Павел Заяц баптайтын команда QJ League турниріндегі қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Шахтёр
Экибастуз
