Команданың негізгі құрамында Айым Диханбай, Валерия Друзь, Арина Ишутина, Адэми Калиева, Александра Хан, Дария Төлегенова, Мария Мамонтова, Зайлин Ерсаин, Дарья Зубенко, Сабина Крышкина және Дарина Исатаева алаңға шықты.

Матчтағы есеп 19-минутта ашылды. Александра Ханның айып алаңына бағыттаған дәл пасынан кейін Дарья Зубенко допты бірден қақпаға бағыттап, команданы алға шығарды. Кездесудің соңғы минуттарында «Шахтер»-2010 (W) басымдығын еселей түсті. 90-минутта Мария Мамонтова айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, «Ертіс» қақпасын дәл көздеп, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 2:0.
Осы жеңістің арқасында «Шахтер»-2010 (W) QJ League W турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді.


Академия Онтустик
Шахтёр

