Клуб жаңалықтары

15 March, 15:00

ВИКТОР АБГОЛЬЦТІҢ ДАРА ЖОЛЫ

15 наурызда Қарағанды футбол алаңы жарық жұлдыздарының бірінің туғанына 80 жыл толды

Қарағанды футболы тарихында ойып орын алар шабуылшы –  Виктор Абгольц. Ол "Шахтер" үшін әр жылдары 9 маусым бойы өнер көрсетіп, 226 ойын өткізді, сол ойын барысында 86 гол соқты. Спорттық мансабында ел чемпионаттары мен кубоктарындағы ерекше форвард ретінде 359 ойын өткізіп, 116 гол соқты. Соңғы жылдары Виктор Абгольц Премьер-Лигада Қазақстан чемпионаты матчтарының инспекторы болып қызмет етті, футбол ардагерлері арасында үлкен қоғамдық жұмыс жүргізді, ұзақ аурудан кейін Алматыда қайтыс болды. Тағдыр оған 74 жыл өлшеп берген екен…

Наверх