Клуб жаңалықтары

29 June, 10:30

АЛЕКСАНДР МИГУНОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

«Тараз» командасымен өткен матчта алғашқы голдың авторы Александр Мигунов ойыннан алған әсерімен бөлісіп, келесі кездесуге дайындық туралы айтты.

— Барша жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын! Матч өте тартысты әрі ауыр өтті. Бұл ойынға ұзақ уақыт бойы тыңғылықты дайындалдық, сондықтан жеңіске жеткенімізге ерекше қуаныштымын.

Осындай маңызды кездесуде гол соғып, командама көмектесе алғаныма қуаныштымын. Әрбір ойыншы алаңда бар күшін салды. Біз бапкердің барлық тапсырмасын толық орындап, лайықты жеңіске қол жеткіздік.

Алда бізді Шымкентте тағы бір маңызды матч күтіп тұр. Алаңға және ауа райына бейімделу үшін мұнда алдын ала келдік. Ендігі мақсатымыз – әр ойында барымызды салып, маңызды ұпайларды еншілеу.

Наверх