Клуб жаңалықтары

17 May, 22:44

«АҚТӨБЕ» Ж ҚАҚПАСЫНА ДУБЛЬ ЖАСАҒАН АРТЕМ ЛИТОШТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

«Шахтер» командасының ойыншысы Артем Литош «Ақтөбе» Ж командасын 7:0 есебімен ірі жеңген матчтан кейінгі әсерімен бөлісті. Бұл кездесуде футболшы дубль авторы атанды:

«Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Бірінші тайм біз үшін оңай болған жоқ, шабуылдың соңғы сәттерінде сәттілік жетіспеді. Бірақ үзілістен кейін команда жігерленіп, басқа көңіл-күймен алаңға шықты және өз мүмкіндіктерінің көбін тиімді пайдаланды. Нәтижесінде ірі есеппен жеңіске жеттік.

Дубль жасағаныма қуаныштымын. Сонымен қатар Рифат Нұрмұғаметке нәтижелі пас бердім, ол допты әдемі түрде қақпаға бағыттады.

Осындай команданың бір бөлігі болғаным мен үшін үлкен мәртебе. Бізде өте жақсы ұжым бар, бүгін оны алаңнан анық көруге болды.

Жанкүйерлерге қолдауы үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Адамдардың стадионға келіп, команда үшін жанкүйер болып, матч бойы қолдау көрсетуі өте қуантады.

Бүгін тағы бір ерекше күн болды, себебі жарақаттан кейін Игорь Шацкий қайтадан алаңға оралды. Оның қайта қосылғанына бәріміз өте қуаныштымыз. Оған тезірек бабына келіп, жанкүйерлерді өзінің ойынымен қайта қуантуын тілеймін».

Наверх