Жаңалықтары академия

13 June, 22:03

АЙДАР ҚУАНЫШБЕК: «БҰЛ ГОЛЫМДЫ АТА-АНАМА АРНАЙМЫН»

— Ең алдымен, тартысты ойын үшін «Қайсар» командасына алғыс айтқым келеді. Матч қызықты, шиеленісті әрі нағыз күреске толы болды.

 

 

Сондай-ақ бізді қолдауға келген жанкүйерлерге үлкен рақмет. Олардың қолдауы алаңда бізге әрдайым қосымша күш береді.

 

Ойынға келер болсақ, бапкерлер қойған тапсырманы орындап, қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Әрине, өз мүмкіндіктерімізді тиімдірек пайдаланып, тағы бірнеше гол соғуға болатын еді. Дегенмен ең бастысы – команда маңызды жеңіске жетті.

Ал соққан голымды мені әрдайым қолдап, сенім білдіріп жүретін ата-анама арнаймын.

 

 

Наверх