— Көптен күткен жеңіске қол жеткіздік! Бар күш-жігерін салған, ойынға берілген тапсырманы толық орындап, жеңіске деген жігерін көрсете білген қыздарымызға алғысымды білдіремін. Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Ал екінші таймда қарқынымызды күшейтіп, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланып, лайықты жеңіске жеттік. Бұл матч біз үшін аса маңызды болды, өйткені біз принципті әрі мықты қарсыласқа қарсы ойнадық. Сондықтан бұл жеңістің маңызы зор.
Сондай-ақ бізге сенім артқан және команданы күшейту үшін легионер ойыншыларды шақыруға мүмкіндік берген клуб басшылығына ерекше алғыс айтқым келеді. Қазір біз жаңа команданы қалыптастырып, болашақтың іргесін қалап жатырмыз. Ең бастысы – ұжымда дұрыс психологиялық ахуал мен алға ұмтылыс бар. Әрбір матчқа тыңғылықты дайындалып, алаңға тек жеңіс үшін шығатын боламыз.
Стадионға келіп, бізге жанкүйер болып жүрген барлық жанкүйерлерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Олардың қолдауы командаға қосымша күш-жігер береді.



