Клуб жаңалықтары

23 June, 23:58

«ШАХТЕР» W КОМАНДАСЫ БАС БАПКЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ БАУЫРЖАН ЖАРОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

— Бүгінгі ойын өте ауыр өтті. Біз матчтың оңай болмайтынын алдын ала түсіндік және ойыншыларды соған сай дайындадық. Қазіргі таңда командаға қайта құрылып, жаңа ойын жүйесіне бейімделу үшін уақыт қажет. Бапкерлер штабының барлығы осы бағытта жұмыс істеп, команданың ойын ырғағын қалыптастыруға күш салуда.

Әрине, бүгінгі нәтиже бізді қуантпайды, бірақ біз тиісті қорытынды жасап, жұмысымызды жалғастырамыз. Команданың әлеуеті бар, сондықтан болашақта үлкен мақсаттарды шеше алатын, бәсекеге қабілетті ұжым қалыптастыратынымызға сенімдімін.

Жанкүйерлерімізге алғысымды білдіремін. Команда жас әрі әлі қалыптасу кезеңінде болғандықтан, сіздерден сенім, сабыр және қолдау сұраймыз. Біз бұл жағдайды міндетті түрде өзгертіп, жанкүйерлерімізді жақсы нәтижелермен қуанту үшін бар күшімізді саламыз.

Наверх