Клуб жаңалықтары

20 June, 00:59

ЛЕВ СКВОРЦОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

«Шахтер» командасының жаңа ойыншысы Лев Скворцов «Жайыққа» қарсы кездесуде дебют жасап, команданың сенімді жеңісіне өз үлесін қосты.

— 3:0 есебі бәрін айтып тұр. Команда өте жақсы ойын көрсетті, қорғаныста да, шабуылда да өз деңгейінде әрекет етті. Біз бұл жеңіске лайық болдық және енді жеңістен жеңіске қарай алға жылжимыз.

Бұл матч мен үшін «Шахтер» сапындағы алғашқы ойын болды. Жалпы өз өнеріме көңілім толады, бірақ ең бастысы — команда жеңіске жетті.

«Шахтер» — үлкен мақсаттары мен биік амбициялары бар клуб. Команданың болашағы зор екеніне сенімдімін.

Жанкүйерлерімізге қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді. Олардың қолдауы біз үшін өте маңызды. Келесі матчтарда да сіздерді күтеміз және жеңістерімізбен қуанту үшін бар күшімізді саламыз.

Наверх