Клуб жаңалықтары

17 July, 17:27

РАФАИЛЬ ОСПАНОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

Екібастұзда өткен «Батырға» қарсы жеңісті сырт алаңдағы кездесуде Рафаиль Оспанов командасының осы матчтағы алғашқы голын соқты.

— Сырт алаңда жеңіске жету әрдайым қуантады. Бұл екінші айналымдағы алғашқы матч болғандықтан, оны жеңіспен бастаудың маңызы зор еді. Команда құрамындағы матчтың үздік ойыншысы атанғаныма өте қуаныштымын. Еңбегіңнің бағаланғаны әрқашан жағымды әсер сыйлайды.

Алғашқы 15–20 минутта алаңға бейімделіп, аздап қобалжу болды. Кейін жаңбыр жауа бастады. Бірінші таймның соңына қарай ойын тізгінін өз қолымызға алып, допты жақсырақ бақылап, нәтижелі комбинациялар жасай бастадық.

Бізді қолдау үшін жүздеген шақырым жол жүріп келген жанкүйерлерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Матч бойы олардың қолдауын анық сезіндік. Мұндай қолдау әрдайым қосымша күш береді. Жанкүйерлеріміз алдағы уақытта да матчтарымызға жиірек келіп тұрса екен деген тілегім бар.

 

Наверх