Клуб жаңалықтары

20 June, 00:32

РУСЛАН БЕЛОБОРОДЫЙДЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

Руслан Белобородый — «Шахтер» академиясының түлегі. Бұған дейін QJ League жарысында және клубтың жастар құрамында өнер көрсеткен футболшы бүгін негізгі команданың сапында ресми дебютін өткізді.

— Матч оңай болған жоқ. Ауа райы да өз әсерін тигізді, сондықтан ойынның кешкі уақытта өткені жақсы болды. Ең бастысы — жеңіске жеттік. Матчтан алған әсерім өте жақсы, эмоцияларым тек оң.

Негізгі құрамдағы дебютіме өте қуаныштымын. Осы маусымдағы басты мақсатым — негізгі құрамнан тұрақты орын алып, әр матч сайын өз ойынымды жақсарту.

Маған сенім артып, бүгінгі кездесуде алаңға шығуға мүмкіндік берген бапкерлер штабына ерекше алғысымды білдіремін

Наверх