Жаңалықтары академия

7 April, 20:45

«ШАХТЕР» ФК ӨКІЛДЕРІ FREEDOM QJ LEAGUE МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫНА АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

6 сәуір күні Sheraton Astana Hotel қонақүйінде Freedom QJ League 2026 маусымы алдындағы баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шара барысында өткен маусымның қорытындылары шығарылып, лиганың дамуындағы негізгі бағыттар айқындалды. Сонымен қатар Changan x Astana Motors, SCAT Airlines, Mastercard және Unicef компанияларымен серіктестік келісімдерді ұзарту және жаңа келісімдер жасау туралы жарияланды.

Баспасөз конференциясында Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры және Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин, сондай-ақ Лига президенті Рохус Шох спикер ретінде сөз сөйледі.

Ресми бөлімнен кейін қатысушылар екі бағытқа – спорттық және медиа-маркетинг блоктарына бөлінді. Сессиялар барысында жаңа маусым жан-жақты талқыланып, спикерлер қатарында «Шахтёр» Академиясының:

Mental Department жетекшісі - Тамара Ахметали

Медиа және маркетинг бағытының жетекшісі - Антон Лысяк

Медиа-директор - Бекежан Ардақұлы

Head of SMM маманы - Асем Ахмет болды.

«Шахтёр» футбол клубы атынан конференция мен семинарға Академия директоры Сергей Якушин, Академия координаторы Ербол Мусабаев, маркетолог Саят Аугалиев және медиа-офицер Данияр Ахметов қатысты.

 

Наверх