Аталған оқу бағдарламасына «Шахтёр» ФК футбол академиясының өкілдері — академия басшысы Сергей Александрович Якушин және негізгі құрамның жаттықтырушысы Андрей Юрьевич Финонченко қатысты.

Бағдарламаға Қазақстан, Шотландия, Грузия, Черногория, Беларусь, Финляндия елдерінің делегациялары, сондай-ақ әйелдер футболының біріккен делегациясы қатысты. Қатысушылар тәжірибе алмасып, командаларды дайындаудың заманауи әдістерін меңгеріп, халықаралық деңгейдегі футболды дамытудағы өзекті бағыттарды талқылады.
Осындай білім беру бастамалары мамандардың кәсіби дамуына және отандық футболға озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.


Шахтёр
Түркістан
