«Шахтердің» негізгі құрамында алаңға Никита Килджиев, Рифат Нұрмұғамет (к), Шахсұлтан Зубайдилда, Роман Асылбаев, Рафаиль Оспанов, Артем Литош, Владислав Прокопенко, Максим Галкин, Қасымжан Таипов, Даулет Зайнетдинов және Марк Богачев шықты.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «кеншілер» ойын тізгінін өз қолына алып, бірінші тайм бойы қарсылас алаңында басымдық танытты. Команда бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.
Екінші таймда алаң иелері шабуылды үдете түсті және 46-минутта есеп ашылды. Марк Богачев аутты алыстан лақтырып, доп Данила Васильченкоға жетті. Ол баспен Рифат Нұрмұғаметке пас шығарып, капитан бұрылып тұрып допты қақпаның жақын тоғыздығына дәл бағыттады — 1:0.
Одан кейін Артем Литош өз мергендігін көрсетті: бес минут ішінде қарсылас қақпасына екі гол соғып, 51 және 56-минуттарда көзге түсті. Ал 60-минутта Рифат Нұрмұғамет матчтағы екінші голдың авторы атанды.
Екінші таймда алаңға шыққан Арман Нүсіп бір минут аралығында дубль жасап, 69 және 70-минуттарда мергендік танытты. Матчтың нүктесін қосымша уақыттың үшінші минутында Роман Асылбаев қойды.
Қорытынды есеп — «Шахтердің» 7:0 есебімен сенімді жеңісі. Сондай-ақ, он жеті жастағы қақпашы Никита Килджиевтің қатарынан алтыншы «құрғақ» матчын және бұл кездесуде Рифат Нұрмұғамет, Артем Литош пен Арман Нүсіптің дубль жасағанын ерекше атап өткен жөн.

Шахтёр
Ақтобе Жас
Каспий М
