Клуб жаңалықтары

15 July, 15:31

ЖАҚСЫ КӨҢІЛ-КҮЙМЕН ЕКІБАСТҰЗҒА!

Ертең Бірінші лиганың 14-туры аясында «Шахтер» сырт алаңда Екібастұздың «Батыр» командасына қарсы матч өткізеді.

 

Екібастұздағы ойын алдында «кеншілер» қатарынан алты жеңіске жетіп, сәтті сериясын жалғастыруды көздеп отыр. Чемпионаттың бірінші айналымында «Шахтер» өз алаңында «Батырды» 4:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.

Кеншілер дербиі 16 шілде күні Екібастұз қаласындағы «Шахтер» стадионында өтеді. Матчтың басталу уақыты — 17:00.

 

Наверх