Сергей Якушин – UEFA PRO лизензиясына оқуын жалғастыруда, Қазақстан мен шетелде жоғары тәжірибелі маман. Ол әр жылдары Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші лига және халықаралық чемпионаттарда бас бапкер әрі ассистент ретінде еңбек етіп, жас футболшыларды дамыту мен командалық құрылым қалыптастыруда жоғары нәтижелер көрсетті.
Маман Беларусь, Кипр және Қазақстан клубтарында жұмыс істеп, «Локомотив» (Мәскеу), «Динамо» (Киев), «Бешикташ», «Шериф», «Қайрат» секілді жетекші клубтарда тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар Сергей Якушин жастар футболы бағытында үлкен тәжірибеге ие және Elit Youth UEFA А лицензиясымен жұмыс істейді.
Академия басшысы ретінде ол Шахтер жүйесінде заманауи әдістеме, біріңғай ойын моделі және жас ойыншыларды кәсіби деңгейге дейін дайындауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияны іске асырады.

Шахтёр
Түркістан



