Жаңалықтары академия

25 June, 20:12

«ШАХТЕР»-2010 (W) — «ТОБЫЛ»-2010 (W) — 0:0

QJ League додасының екінші туры аясында «Шахтер»-2010 (W) өз алаңында «Тобыл»-2010 (W) командасымен кездесіп, матч 0:0 есебімен аяқталды.

«Шахтер» (W) командасының негізгі құрамында Айым Диханбай, Диана Машрапова, Дарья Пряхина, Адэми Калиева, Александра Хан, Амина Аужанова, Саида Дюсембаева, Милана Марченко, Зайлин Ерсаин, Дарья Зубенко және Дарья Мартьянова алаңға шықты.

Кездесу тартысты өтіп, екі команда да жеңіске жетуге тырысты. «Шахтер» қақпашысы Айым Диханбай бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып, қақпасына гол жібермеді.

Екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шыққан Рената Юсупова белсенді ойынымен көзге түсті.

Матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Наверх