Чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда қарағандылық команда қарсыластары үшін қолжетімсіз болып, турнирлік кестедегі бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Бұл жетістік - тынымсыз еңбектің, командалық мінездің және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Маусым бойы «кеншілер» чемпиондық атаққа лайық екенін дәлелдеп, енді өздерінің тарихи жетістігін лайықты түрде атап өте алады.

«Шахтёр» клубының ойыншыларын, жаттықтырушылар құрамын, клуб басшылығын және барша жанкүйерлерін осы айтулы жетістікпен құттықтаймыз! Алтын медальдар - қажырлы еңбек пен сүйікті іске деген адалдықтың жемісі.

Шахтёр
Академия Оңтүстік


