«Шахтер» Ж командасының бастапқы құрамы: Алибек Маратов, Мирас Дильмурат, Тагир Сакенов, Рустам Жанхаев, Нурхан Кагазбаев, Али Акылбаев, Мансур Дильмурат, Максим Холод М. (к), Глеб Макридов, Максим Комиков, Глеб Олейник.

Кездесудегі есеп 28-минутта ашылды. Ауттан кейінгі сәтте Али Акылбаев айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, допты қақпа торына тоғытты.
63-минутта қонақтар есепті теңестірді. Алайда араға бес минут салып алаң иелері қайтадан алға шықты. 68-минутта Максим Комиков алыстан соққы жасап, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды — 2:1.

Матчтың нүктесін 88-минутта Расул Акимов қойды. Ол команданың шабуылын нәтижелі аяқтап, есепті 3:1-ге жеткізді.
Осы жеңістен кейін «Шахтер» жастар командасы «Солтүстік-Шығыс» конференциясындағы көшбасшылығын сақтап қалды.

Шахтёр
Жайық

