Клуб жаңалықтары

4 March, 20:42

«ШАХТЕР» «BRUGG» КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарының қорытынды бақылау матчында «Шахтер» Швейцарияның «Brugg» клубын жеңді.

Кездесу «кеншілердің» 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Гол авторлары — Литош пен Пак.

«Шахтердің» бастапқы құрамында алаңға Килджиев, Богачев, Мигунов, Таипов, Ахмедов, Асылбаев, Оспанов, Айманов, Прокопенко, Нурмугамет, Литош шықты.

Бұл матч Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарының үшінші, қорытынды кезеңіндегі соңғы ойын болды. Команда жаңа маусымның басталуына жүйелі түрде дайындық жүргізіп жатыр.

Наверх