Клуб жаңалықтары

18 January, 20:15

«ШАХТЕР» «БУДАПЕШТ ГОНВЕД» КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

«Шахтер» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын сәтті бастады. Анталияда өткен бақылау матчында «кеншілер» Венгрияның «Будапешт Гонвед» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Бұл кездесу Дмитрий Огайдың жетекшілігіндегі команда үшін алғашқы матч болды және бапкерлік штабқа жас ойыншылар мен қаралымдағы футболшыларды бағалауға мүмкіндік берді. Ойынның 26-минутында есепті Роман Божко ашса, үзілістен кейін 59-минутта Артем Литош «Шахтердің» басымдығын еселей түсті.

Маусымға дайындық жалғасуда. Алда «кеншілерді» Косовоның «Фероникели» клубына қарсы тағы бір бақылау кездесуі күтуде.

Наверх