Клуб жаңалықтары

19 January, 18:09

«ШАХТЕР» УАЛИХАН МҰХАМЕТЖАНОВПЕН КЕЛІСІМ ШАРТТЫ ҰЗАРТТЫ

«Шахтёр» футбол клубы өз тәрбиеленушісі Уалихан Мұхаметжановпен келісім шартты ұзарту туралы шешім қабылдады.

Уалихан Мұхаметжанов: «Эмоцияларым жайлы айтсам, өте жағымды — клубтың маған қайта сенім білдіріп, келісім шартты ұзартқаны мені қуантады әрі мен үшін үлкен мәртебе. Көрсетілген сенім үшін бапкерлер штабына және клуб басшылығына алғысымды білдіремін.

Осы клубтың мектебінен шыққан ойыншы ретінде маған туған клубыммен бірге жоғары нәтижелерге жету ерекше маңызды. Алдағы маусым ауыр, ұзақ әрі қызықты болады деп күтілуде: бізді мықты әрі тәжірибелі қарсыластар күтіп тұр, ал команданың мақсаты біреу ғана, ол — бірінші орын.

Өткен маусымдағы қолдаулары үшін жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтамын. Жаңа чемпионатта да дәл сондай қуатты, эмоцияға толы және жігерлендіретін қолдау болады деп сенеміз. Қарағанды — бұл әрдайым мінез бен құштарлықтың үйлесімі.

Алға, «Шахтёр»! Алға, Қарағанды!»

Наверх