Екі апта бойы бас бапкер Дмитрий Алексеевич Огай жетекшілік ететін жаттықтырушылар штабы футболшылардың функционалдық дайындығын арттыруға, тактикалық сызбаларды пысықтауға және ойыншылар арасындағы өзара түсіністікті жетілдіруге назар аударады. Команданың физикалық дайындығын жақсарту, шешім қабылдау жылдамдығын арттыру және командалық үйлесімділікті күшейту мақсатында күн сайын жаттығу сабақтары өткізіледі.
Жаттықтырушылар штабы футболшылардың дайындығын бағалап, ресми матчтар алдында ойыншылардың ең тиімді құрамын анықтауға мүмкіндік алады.

Шахтёр
Түркістан
