Клуб жаңалықтары

2 March, 16:15

«ШАХТЕР» РЕСЕЙДІҢ «КДВ» КОМАНДАСЫМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында «Шахтер» командасы Ресейдің Томск қаласынан келген «КДВ» клубына қарсы кезекті жолдастық кездесу өткізді.

Бүгін «кеншілер» бір күнде екі матч өткізетін болғандықтан, бапкерлер штабы алаңға бастапқы құрамды шығарды: Килджиев, Богачев, Мигунов, Таипов, Габышев, Красотин, Оспанов, Айманов, Прокопенко, Нурмугамет, Литош.

Жаңа маусымға ойыншыларды іріктеу және құрамды пысықтау мақсатында өткен кездесу 3:2 есебімен қарсылас команданың пайдасына аяқталды. «Шахтер» сапында гол авторлары — Прокопенко мен қосалқы құрамнан алаңға шыққан Саутов.

Кешкі уақытта команда тағы бір жолдастық матч өткізеді. Бұл жолы қарсылас — Өзбекстанның «Газалкент» клубы.

Наверх