Кездесуді «кеншілер» негізгі құрамда Асхат Амангельды, Никита Герасимов, Әлішер Қанат (к), Дален Дюсембеков, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Алексей Агапов, Ерасыл Әбілда, Арнур Батырбай, Әділ Жайлеубай және Дарын Шалман құрамымен бастады.

Ойынның 7-минутында Дален Дюсембеков бұрыштамадан тікелей соққы жасап, есеп ашты — 1:0.
Бірінші таймның соңына қарай, 39-минутта Дарын Шалман сол қанатпен жылдам алға ұмтылып, дәл соққымен қарсылас қақпасын дәл көздеді. Осылайша бірінші тайм «Шахтердің» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда «кеншілер» ойын барысын сенімді бақылауда ұстап, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Қорытынды есеп — «Шахтер» U-15 пайдасына 2:0.


Шахтёр
Каспий М


