«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Асхат Амангельды, Никита Герасимов, Алияр Калиев, Алишер Канат, Биржан Мажит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов (к), Даниил Сон, Нуржан Мухатай, Ерали Ермек және Дарын Шалман шықты.

Матч бойы «Шахтер» U-15 ойыншылары бастаманы өз қолдарында ұстап, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірді. Алаң иелерін бірнеше мәрте қақпа бағанасы, маңдайша және қақпашының сенімді ойыны құтқарып қалды. Алайда «кеншілер» өз дегеніне қосымша уақыттың соңында жетті. Кездесудегі жеңіс голын қосылған уақыттың үшінші минутында Нұржан Мұхатай соқты.

Осы жеңістің арқасында Игорь Маштаков шәкірттері турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді.

Тараз
Шахтёр

