Жаңалықтары академия

2 August, 14:46

«ШАХТЕР» U-15 ПАВЛОДАРДА ОЙЫН ӨТКІЗДІ

QJ League чемпионатының 13-туры аясында «Шахтер» U-15 командасы Павлодар қаласында «Ертіс» U-15 командасына қарсы матч өткізді.

«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Асхат Амангелді, Әлішер Қанат (к), Дәлен Дүйсембеков, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Алексей Агапов, Ерасыл Әбілдә, Арнұр Батырбай, Ералы Ермек, Әділ Жайлыбай және Дарын Шалман шықты.

Матчтағы есепті алғаш болып «Шахтер» футболшылары ашты. Кездесудің 27-минутында Ерасыл Әбілдә сол қапталмен айып алаңына еніп, қақпаның алыс бұрышына дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

Екінші таймның 54-минутында «Шахтердің» қақпасына соғылған голға қатысты даулы сәттен кейін алаң иелері есепті теңестірді. Ал 67-минутта қарағандылықтардың қақпасына пенальти белгіленіп, оны «Ертіс» ойыншылары сәтті орындады.

Осылайша кездесу павлодарлық команданың 2:1 есебімен жеңісімен аяқта

Наверх