«Шахтер» U-15 командасының негізгі құрамы: Саид Кундакбаев, Никита Герасимов, Алияр Калиев, Алишер Канат, Біржан Мәжит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов (к), Алдияр Кокубаев, Нұржан Мұхатай, Әділ Жайлеубай, Дарын Шалман.
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап «кеншілер» ойын тізгінін өз қолына алып, қарсылас қақпасына шабуыл ұйымдастыруға тырысты. Бірінші таймдағы маңызды сәттердің бірі 17-минутта орын алды. Қақпашы Саид Кундакбаев пенальтиден соғылған допты қайтарып, командасын голдан құтқарды.
27-минутта команда капитаны Виктор Спиридонов пенальтиді сәтті орындап, алаң иелерін алға шығарды — 1:0. Үзіліске дейін қарағандылықтар басымдықты сақтап, қарсыласқа есепті өзгертуге мүмкіндік берген жоқ.
Екінші тайм тартысты әрі шабуылға толы өтті. Қонақтар ойын барысын өзгертуді көздегенімен, «Шахтер» қорғаныста сенімді ойнап, шабуылда мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.
74-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Михаил Матюхин әуедегі доп үшін күресте басым түсіп, есеп айырмасын еселей түсті. Ал араға екі минут салып Алдияр Кокубаев матчтың нүктесін қойып, командасының үшінші голын соқты.
Қорытынды есеп — 3:0. Осылайша Игорь Маштаков шәкірттері QJ League турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Шахтёр
Ақтобе Жас
