«Шахтер» командасының бастапқы құрамында алаңға Нұрасыл Тортаев, Нұрым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Диниал Қанашжанов, Максим Бонет, Әділет Бораналы (к), Темірлан Байбұлатов, Әлихан Кәрім және Тимур Дамирұлы шықты.
Қарағандыда орнаған аптап ыстық оңтүстіктен келген қонақтарға анағұрлым үйреншікті болды. Матчтың 22-минутында Мұхамеджан Бақытжан сол қапталмен жеке шеберлігін көрсетіп, қарсыластарын алдап өтіп, есеп ашты.
Үзіліске дейін «Ордабасы» ойыншылары таразы басын теңестіре алды. Екінші таймда қонақтар тағы бір гол соғып, алға шықты.
Қосымша уақыттың соңғы сәттерінде Максим Бонет айып алаңының сыртынан керемет соққы жасап, қарсылас қақпасын дәл көздеді. Осылайша ол команданың үздік сұрмергендерінің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. «Шахтер» U-16 командасы жігер танытып, матчтың соңғы минуттарында жеңілістен құтылып қалды.


Шахтёр
Жайық

