«Шахтер» U-16 командасының бастапқы құрамы: Нұрасыл Тортаев, Нұрым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Диниал Қанашжанов, Максим Бонет, Әділет Бораналы (к), Темірлан Байбулатов, Алихан Кәрім, Тимур Дамирұлы.
Кездесу «кеншілер» үшін сәтсіз басталды. Ойынның 10-минутында алаң иелері есеп ашты. Алайда жеті минуттан кейін бұрыштамадан көтерілген доптан соң Нұрым Еркенұлы баспен дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді.
Екінші таймда «Шахтер» жеңіс жолына түсті. 64-минутта Алихан Кәрім жеке шеберлігін көрсетіп, Арлан Оразға дәл пас берді. Өз мүмкіндігін мүлт жібермеген шабуылшы командасын алға шығарды. Ал 75-минутта Арлан Ораз дубль авторы атанып, «Шахтердің» үшінші голын соқты.
Кездесудің соңына қарай команданың бас бапкері Павел Степанович Заяц бірқатар ауысулар жасап, қосалқы құрам ойыншыларына өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Қосымша уақытта алаң иелері есеп айырмасын қысқартқанымен, матч тағдырын өзгерте алмады.
Қорытындысында «Шахтер» U-16 командасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, QJ League турниріндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Хан-Тәңірі
Шахтёр

