Жаңалықтары академия

9 March, 11:22

«ШАХТЕР» U-16 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАСТАР» ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Шымкент қаласында футбол орталықтары мен академияларының жасөспірімдер командалары арасында республикалық «Жастар» турнирі басталды. Аталған жарысқа «Шахтер» U-16 командасы да қатысуда.

Турнир 8–19 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтеді және еліміздің ең мықты жасөспірімдер командаларын жинады. Қарағандылық команда «B» тобында өнер көрсетеді. Бұл топтағы қарсыластары: «Каспий» (Ақтау), «Тобыл» (Қостанай), «Жас Қыран» (Алматы), «Оңтүстік» (Шымкент) және «Елімай» (Семей).

«Шахтер» U-16 командасының ойын кестесі:

9 наурыз / 12:30

«Шахтер» — «Жас Қыран»

11 наурыз / 12:30

«Шахтер» — «Тобыл»

13 наурыз / 12:30

«Елімай» — «Шахтер»

15 наурыз / 14:30

«Шахтер» — «Оңтүстік»

17 наурыз / 10:30

«Каспий» — «Шахтер»

«Жастар» турнирі біздің команда үшін алдағы QJ League жарысының алдында маңызды ойын тәжірибесі мен дайындық кезеңі болмақ. Айта кетейік, «Шахтер» U-16 командасы бұл лигада алғаш рет өнер көрсетеді. Осындай турнирлер жас футболшыларға қажетті тәжірибе жинақтап, жаңа маусымға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Наверх