«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Арслан Қуандықов, Мәди Құдайберген, Абылай Тоқтасын, Елдар Жолдықанов, Айдар Қуанышбек, Әмір Оспанов, Владислав Солошенко, Әли Садырбаев, Никита Духов, Альтаир Рапилбек және Арнұр Қуандықұлы шықты.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері жоғары қарқынмен қысым жасап, соның нәтижесінде Никита Духовқа айып алаңында қарсылас ойыншысы ереже бұзды. Белгіленген пенальтиді Амир Оспанов мүлтіксіз орындап, есеп ашты.
Бірінші тайм аяқталар тұста белсенді ойын көрсеткен Никита Духов есеп айырмасын ұлғайтты. Ол 41-минутта оң қапталмен сәтті өтіп, допты қақпаның тоғыздығына дәл бағыттады. Осылайша алғашқы тайм «Шахтердің» 2:0 есебімен басымдығымен аяқталды.

Екінші таймда да «кеншілер» ойын тізгінін өз қолында ұстады. 71-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Тимур Казанцевтің нәтижелі пасынан кейін Абылай Тоқтасын мергендігімен көзге түсті. Ал қосылған уақытта Мәди Құдайберген Ақжол Қуанышты гол соғатын жағдайға шығарып, ол матчтың қорытынды нүктесін қойды — 4:0.

Рафаэль Хамидулловтың шәкірттері чемпионаттағы жеңісті сериясын жалғастырып, тоғыз турдан кейін бірде-бір ұпай жоғалтпай, көш басындағы орнын сақтап келеді.

Тараз
Шахтёр

