Жаңалықтары академия

13 September, 20:36

«ШАХТЕР» U-18 - QJ LEAGUE КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

QJ League чемпионатының аяқталуына үш тур қалғанда турнирдің күміс жүлдегері анықталды. «Шахтер» U-18 өз алаңында екінші орын үшін тікелей бәсекелесі - «Ордабасы» U-18 командасын қабылдады. Екі команданың өзара кездесуінде «кеншілер» шымкенттік команданы 3:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

«Шахтердің» негізгі құрамында Байжан Асхат, Меирлан Балтабаев, Данил Золкин, Жанибек Жайлаубек, Кирилл Сатжанов, Дамир Юсупбеков, Расул Акимов (к), Айбатолла Шулаков, Артем Алексеев, Дигдар Омаров және Ален Пак алаңға шықты.

Ойынның 38-минутында Артем Алексеев есеп ашты.

Екінші таймның басында, 48-минутта, Ален Пак «кеншілердің» басымдығын еселей түсті.

Ал 88-минутта Айбатолла Шулаков «Шахтердің» үшінші голын соқты.

Қонақтар қосымша уақытта - үшінші қосылған минутта бір гол соға алды.

«Ордабасы» U-18 командасын жеңген «Шахтер» U-18 Игорь Солошенко шәкірттеріне чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда QJ League-нің күміс жүлдесін мерзімінен бұрын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді!

 

Наверх